Воломин қаласында жыл сайын санаулы бала дүниеге келетін перзентхана бар
Польша - Еуропалық Одақ елдерінің ішінде бала туу көрсеткіші ең төмен елдердің бірі. Euronews.com тілшілері оның себеп – салдарын анықтау үшін арнайы Варшаваға барып зерттеу жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шетелдік БАҚ Варшава маңындағы Воломин қаласындағы жыл сайын санаулы балалар дүниеге келетін перзентханаға барған.
«Біз босанғаннан кейінгі палаталардың бірінде тұрмыз, олар өкінішке орай бос қалады. Мұны 5 жыл бұрын әдеттегі күнде көру мүмкін емес еді. Қазір күн сайын дерлік бізде болашақ аналардың келуін күтетін бос палаталар көп», - дейді Воломиндегі Сент-Мэри ауруханасының перзентхана меңгерушісі Ева Дандалска.
Бала туу көрсеткішіне елдегі тұрақсыз экономикалық жағдай, жұмыс орындарын қорғаудың жеткіліксіздігі және елдің түсік жасауға қарсы қатаң заңнамасы себеп болып отыр.
Айта кетейік, Польшада ұрықтың дамуы бұзылған жағдайда түсік жасатуға тыйым салынады.
Ал Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде елде бала туудың өсуі байқалды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігнің мәліметінше, 2021 жылы 446 мың бала дүниеге келген кезде ең жоғары деңгейге жеткен. Ал былтыр елімізде 412 мыңнан астам нәресте дүниеге келген.
Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86% - ды құраған. Орташа алғанда, жыл сайын туа біткен ақаулары бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады. Еліміздің балалар халқына медициналық көмек көрсетуге 3 232 педиатр, 773 неонатолог және 1 395 балалар анестезиолог-реаниматологы жұмылдырылған.
ДСМ өкілдері 2022 жылы туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 1800-ден астам ашық жүрекке операция, оның 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалғанын мәлімдеп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан – Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет.
Айта кетейік, Қазақстанда тіпті коронавирус пандемиясы басталған кезде де бала туу көрсеткіші жоғарылаған. 2020 жылы елде 426,8 мың сәби дүниеге келген.