Түркияда жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң ағайынды жігіттер құтқарылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Олардың жасы: 17 және 21-де

Фото ашық дереккөзден

Жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң Түркияның Кахраманмарашы қаласындағы көпқабатты үйдің қирандыларынан екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі CNN Turk-ке сілтеме жасап. 

«Зардап шеккендердің бірі — Мұхаммед есімді 17 жастағы жігіт. Құтқарушылар алдымен 17 жастағы Мұхаммед Энес Енинарға, содан кейін оның ағасы – 21 жастағы Баки Енинарға жәрдемдескен», - деп хабарлайды телеарна.

Телеарна көрсеткен кадрлардан зардап шеккендерді жедел жәрдем көліктеріне апара жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ зілзаладан 185 сағаттан кейін үйінді астынан 10 жастағы қыз баланың құтқарылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын табиғи апат болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 31 мыңнан астам адам қаза тапқан.