Украина тарапы орыс мәдениетінің өкілдерімен бір сахнада өнер көрсетпейтінін мәлімдеді
Германияда өтетін мамыр фестивалі – жылдың маңызды мәдени оқиғаларының бірі. Оның биылғы бағдарламасында Ресейден келген опера әншісі Анна Нетребко мен Украинаның ұлттық операсының музыканттары болды. Дәл осы жағдай үлкен жанжал туғызды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
BBC Russian ақпараттық агенттігінің жазуынша, Украина тарапы, оның ішінде елдің мәдениет министрі Александр Ткаченко «украин жағы орыс мәдениетін таныстыратын адамдармен ынтымақтастықта өнер көрсетпейді» деп хат жазды.
Анна Нетребконың саяси ұстанымы да бәрін қиындатып отыр. Ол Владимир Путиннің сенімді адамы болды, Қырымды басып алуды және Ресейдің Донбастағы әрекеттерін қолдады. Содан кейін әнші өзінің соғысқа қарсы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Metropolitan Opera театры онымен барлық қарым-қатынасты 2022 жылдың ақпанында тоқтатқан. Соғысқа қарсы ұстанымына байланысты әншінің Ресейдегі қойылымдары да болмайтын болды.
13 ақпанда ұйымдастырушылар Нетребконың өнер көрсететінін растады, сондай-ақ фестиваль ұйымдастырушылары DW басылымына берген ақпаратында украин музыканттарын ресейлік Pussy Riot тобы ауыстыратынын айтқан.
Осы орайда Pussy Riot тобы мәлімдеме жасап үлгерді. Онда «Нетребконың фестивальге қатысатыны туралы бізге ешкім айтқан жоқ. Ешкім бізге украиналықтардың орнына шығатынымызды ескерткен жоқ» делінген.
«Біз, әрине, мұндай жағдайда концертті тоқтатамыз. Біз украиналық әртістерді сыйлағандықтан бұдан бас тартамыз», - деді Pussy Riot мәлімдемесінде.