Түркияда зілзаладан 182 сағат өткеннен кейін 12 жастағы ұл бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеткіншек ауруханаға жеткізілді, қазір дәрігерлердің бақылауында

фото: www.aa.com.tr

Түркияның Хатай провинциясында зілзаладан 182 сағат өткеннен кейін 12 жастағы ұл бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

12 жастағы Каан Антакья қаласының Джебраиль ауданындағы құлаған ғимараттардың бірінен шығарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Соңғы деректерге Түркияда қарағанда  жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31600 адамнан асты.