ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тас жолында орын алды

фото: inbusiness.kz

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тас жолында Топқайың және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-208 және Lada Granta көліктері соқтығысып, салдарынан ВАЗ-2108 көлігінде болған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

«ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-дағы кәмелетке толмаған жолаушы Катонқарағайдағы ауруханаға жеткізілді, алайда олар да көз жұмды.ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылднады»,- делінген хабарламада.

Тегтер: