Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласа алады

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде «Выгодный займ» серіктестігінің құрылтайшысы Ж. Есіркепов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ПД өкілдерінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты тергеу басталған және кез келген адам арыз жаза алады.

«Ж.Т. Есіркепов 22 ақпаннан бастап Қылмыстық кодекстің «Қаржы пирамидаларын құру және басқару» бабы бойынша күдікке ілініп, мемлекетаралық іздестіруде болды. Іздеу жұмыстары нәтижесінде күдікті ұсталды. Қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласа алады», - делінген хабарламада.