Сондай-ақ Хатай провинциясында 175 сағат өткен соң үйінді астынан әйел адам аман шықты
Адыямандағы жер сілкінісінен 178 сағат өткен соң Мирай есімді 6 жасар қыз бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Анадолу Ақпаратқа» сілтеме жасап.
Кахраманмараш орталығындағы жер сілкіністерінен зардап шеккен Адияман қаласындағы қираған ғимараттың қирандысы астында қалған 6 жасар Мирай есімді қыз бала 178 сағаттан кейін құтқарылды.
Кахраманмарашта «Ғасыр апаты» деп сипатталған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінен зардап шеккен Адияманда қираған ғимараттардың қирандыларында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
«Құтқарушылар тобы жер сілкінісінен 178 сағат өткен соң Алиташ ауданындағы Бозбей пәтерінің қирандыларынан Мирай есімді 6 жасар баланы құтқарды», - делінген хабарламад.
Кішкентай Мирайды жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.
Басылым мәліметінше, сондай-ақ Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде Одабаши ауданының тұрғыны жер сілкінісінен 175 сағат өткен соң үйінді астынан шығарылды.
Наида Ұмайды апат аймағындағы құтқару жұмыстарына қатысқан кеншілер тапқан.
Ауруханаға жеткізілген құтқарушыға айналадағылар қол соғып, қошемет көрсеткен.
Айта кетсек, Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл елде түсірілді.
Жойқын жерасты дүмпулері Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, Грекия және Ирак сияқты көрші елдерде де сезілді.