Денсаулық сақтау министрлігі ковидке шалдыққандарға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады
Өткен тәулікте 93 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 670 адам коронавирус инфекциясынан (–1 508+ және 162 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр,4 пациенттің жағдайы өте ауыр,1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.