Қазақстандық кәсіпорындардың жұмыскерлерге қарызы 1,5 млрд теңгеден асқан
6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмыскердің алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 24 нұсқама беріліп, 3,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 948 млрд теңге төленді.