Ақтөбеде қар төгетін орын қоқыс полигонына айналды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен айда ғана дәл осы жерге шіріген қызанақ тасталған еді

Фото ашқ дереккөзден

Ақтөбеде қар төгетін орын қоқыс полигонына айналды. Бұл жерге белгісіз біреулер тұрмыстық қалдықтан бөлек, малдың ішек-қарнына дейін тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Өткен айда ғана дәл осы жерге шіріген қызанақ тасталған еді. Сол кезде жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынып, ол қоқыстың орнын жинап құтылған. Алайда бұл жағдай өзгелерге сабақ болмаған сияқты. Енді қар төгетін орында тұрмыстық қалдықпен бірге малдың мүйізі, ішек-қарны шашылып жатыр. Қоғам белсенділері қоршаған ортаны бүлдіргендерге жаза қолдану керек деп отыр. Олар қала маңында бақылаусыз жатқан 800 полигон бар екенін айтады.