$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да 4 жасар бала токқа түсіп, екі қолынан айырылды

Аудандық электр тарату компаниясының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

БҚО-да 4 жасар бала токқа түсіп, екі қолынан айырылды
Фото ашық дереккөзден

Өткен жылдың 24 мамырында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан кентінде төрт жасар бала токқа түсіп, екі қолынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Ақжайық аудандық сотында аудандық электр тарату компаниясының басшысы Бауыржан Бигалиевке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол өзінің лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарады деп айыпталды.

Іс судья Әлібек Нұрғалиевтің төрағалығымен қаралды. Прокурор Нұрсұлтан Ахметкерейдің айтуынша, Бауыржан Бигалиев бұл лауазымға 2021 жылдың бірінші қазанында тағайындалған және аудандық АЭЖ басшысының барлық міндеттерін өз мойнына алды.

«Жаңақазан ауылдық округіндегі қосалқы станция АЭЖ тікелей басқаруында болды. Қате операциялардың салдарынан құлыптау блогы істен шығып, жұмыс істемей қалған. Ал Бигалиев ақауларды жою бойынша шаралар қабылдаған жоқ», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу мәліметтері бойынша, балалар PS-35/10 КВ аралық май қосқыш ұяшығының ақаулы есігін ашып, жоғары кернеудің әсерінен болатын ажыратқыштың металл элементін ұстаған.

«Бала зардап шекті, өмір бойы мүгедек болып қалды, үш күрделі отадан өтті, үнемі күтімді қажет етеді. Сондықтан жәбірленушілер 35 млн теңге сомасында моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз берді», – деді жәбірленушінің қорғаушысы Лаура Өтешева.

Сотталушының айтуынша, 2019 жылы қосалқы станцияда күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, сотталушының қорғаушысы баланың ата-анасының да кінәсі бар екенін айтты, өйткені олар ата-ана құқығын сақтамаған.

Күдікті оқиғаға өкінетінін айтты, бірақ оған өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҚО #тоқ соғу