Алматыда 267 орынға шақталған алғашқы көпдеңгейлі паркинг салынады

Автор: Әйгерім Ердәулет

Бұл туралы қала әкімі мәлім етті

Фото ашық дереккөзден

Алматыда жыл соңына дейін алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг пайдалануға беріледі. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағын ауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық Банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.