Мегаполисте аудит соңғы рет 2017-2018 жылдары жүргізілген
Алматыда биыл жаңа сейсмикалық аудит жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Неліктен қаланың бас жоспарында ғимараттардың сейсмикасы ескерілмейді? Қазір Түркия бұл өте қауіпті екенін көрсетті. Неліктен сейсмология бас жоспарда ескерілмейді? Мәселен, Бұқар жырау гүлзарының бойындағы ғимараттардың зілзалаға шыдас беруі қандай?», - деген сауал қойды әкіммен кездесуге келген тұрғынның бірі.
Алматы қаласынң әкімі жұмысты биылдан қалмай күшейтеміз деп уәде етті.
«2021 жылы сейсмикалық шағын аудандардың жаңа картасы бекітілді, онда барлық ақаулар бекітілді. Сіз айтып отырған ғимараттар бұған дейін салынған.
Алматыда нысандардың сейсмикалық күшеюі жүріп жатыр, бұл бойынша жұмыс жалғасуда.
2017-2018 жылдары аудит жүргізілді.
Осы жылдың екінші жартысында қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Жаңа Бас жоспарға келетін болсақ, өздеріңіз білетіндей, Алматыда 2020-21 жылдары жаңа тектоникалық ақаулар пайда болды. Жаңа бас жоспарда сейсмика бойынша барлық қажетті талаптар, соның ішінде жаңа ақаулар ескерілді: Абай көшесінен жоғары – 10 балл, төмен – 9 балл аймағында»,- деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.