Доллар тағы арзандады: 9 ақпандағы валюта бағамы қандай

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 9 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбіде доллар бағамы тағы құлдырап, 455,65 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 456,98 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,36 теңге болды.

Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 454,5 теңгеден сатып алынып, 458 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 454,5 теңгеден сатып алынып, 457,5 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 455,65 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 489,96 (еуро)
  • RUB / KZT – 6,36 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 24,2 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 67,18 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,25 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4,02 (өзбек сомы).