Қостанай облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

«Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына орай «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай»; «Қостанай-Әулиекөл-Сурған»; «Екатеринбург-Алматы» және «Қостанай-Мамлютка» тасжолдарының учаскелері жабылды», - деп жазды ведомстводан.