Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Алмас Мәдиев тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Алмас Мәдиев тағайындалды.
Алмас Өскенбайұлы Мәдиев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша, 2000 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды.
Бұған дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болған Рүстем Дәулет Қордай ауданының әкімі болып тағайындалды.