Бүгін Түркиядан 19 студент елге ұшып келеді

Автор: Аягөз Құрмаш

Тағы 12 студент Ыстанбұлға ұшып барған

Фото: AP/Mahmut Bozarslan

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен  брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір Түркиядағы дипломаттарымыз осы елдегі Қазақстан азаматтарымен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Студенттер арасында тиісті ақпарат таратылды. Біздің азаматтарға көмектесу және үйлестіру үшін Мерсин және Конья провинцияларындағы Түркиядағы Құрметті консулдар да жұмысқа қосылды. Мерсин қаласындағы консул, Түркия азаматы Ахмет Бодан қонақ үйде Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентін панамен қамтамасыз етті», - деді Смадияров.

Оның айтуынша консулдың ұйымдастыруымен олар Анкараға жеткізілген.

«Бүгін олар «Анкара-Астана» бағытымен Қазақстанға қайтады. Конья қаласындағы консул Мұстафа Кабакчи 12 қазақстандық студентке Аданадан Ыстанбұлға жетуге жәрдемдесті», - деді ол.