Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматтарын шығару жүргізіледі
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ел азаматтарын жер сілкінісі болған жерден шығаруға қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында болған жер сілкінісіне байланысты 7 ақпанда Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматарын алып шығу іс-шаралары жүргізілуде. Осы ретте Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматтары болған жағдайда 7 ақпанда сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедуралардан өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексеріс және т.б), дайын болуы тиіс», - деп хабарлады елшілік.
Қазақстанға оралуға ниетті азаматтардың тізімін жасау үшін міндетті түрде төмендегі байланыстарға хабарласу керек.