Елімізде жылу желісінің 54 пайызының тоз-тозы шыққан - Марат Қарабаев

Автор: Әйгерім Ердәулет

Биыл 180 шақырым жылумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау жоспарланған

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандағы жылу желілерінің орташа тозуы 54 %-ды құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінде тозығы 65 %-дан жоғары, критикалық жағдайда 5 өңір бар. Мәселен, Павлодар облысында - 82 %, Қарағанды облысында - 68 %, Абай облысында - 68 %, Шығыс Қазақстан облысында - 66 %, Солтүстік Қазақстан облысында - 65 %»,-деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша,. Ол үшін қосымша 86 млрд 200 миллион теңге қаражат қажет екен.    

Ал ауыл халқының 96 %-ы және қала халқының 98,7 %-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамту үшін 172 млрд. теңге жұмсалмақшы.