«AMANAT» партиясының Төрағасы бауырлас түрік халқына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Қошанов Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото ашық дереккөзден

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов аса жойқын жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті, Әділет және даму партиясының Төрағасы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Төраға мырза және Әділет және даму партиясындағы әріптестеріміз, осынау қайғылы сәтте шынайы жанашыр көңілімізді жеткізе отырып, табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен отбасына оралуына тілектестігімді білдіремін. Бауырлас Түркия халқына сабыр мен төзімділік тілеймін»,- делінген жеделхатта.