Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 1,5 мыңға жетті
Ал жарақат алғандар 8,5 мыңнан асады

Соңғы мәліметтер бойынша, жойқын зілзаладан Түркияның он провинциясында 1498 адам қайтыс болып, 8553 тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметінше, Кахраманмараш, Килис, Диярбакыр, Адана, Османийе, Газиантеп, Шанлыурфа, Адыяман, Малатия және Хатай провинцияларында 2 834 нысан қираған.
Елде жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмыстары жалғасуда.
Түрік Қызыл Жарты айының қызметкерлері жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетеді.
Turkish Airlines апат аймағына қосымша рейстер дайындауда.
AFAD мәліметтері бойынша, Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жетіден асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17 - де – 7,7 балл және 13.24-те-7,6 балл).