06.02.2023, 23:30
Жаңалықтар
«AMANAT» партиясының Төрағасы бауырлас түрік халқына көңіл айтты
Қошанов Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото ашық дереккөзден
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов аса жойқын жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті, Әділет және даму партиясының Төрағасы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Құрметті Төраға мырза және Әділет және даму партиясындағы әріптестеріміз, осынау қайғылы сәтте шынайы жанашыр көңілімізді жеткізе отырып, табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен отбасына оралуына тілектестігімді білдіремін. Бауырлас Түркия халқына сабыр мен төзімділік тілеймін»,- делінген жеделхатта.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 22:29
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты