Сайлау қорытындысы 12 ақпанда белгілі болады
Жексенбі күнгі есеп бойынша Кипрдың бұрынғы сыртқы істер министрі Никос Христодулидис (32,04%) және «солшыл» кандидат Андреас Маврояннис (29,58%) президент сайлауының екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюс-ке сілтеме жасай отырып.
Қазіргі билеуші консервативті парияның кандидаттары сайлаудың бірінші кезеңінен өте алмады. Халықтың сайлауға қатысу деңгейі 72 пайызға жеткен.
Кипр Республикасындағы президент сайлауында халық елдегі сыбайлас жемқорлықты және инфляцияны сынап, жаңа президент сайлауға ниет танытқан. Сайлаудың шешуші дауыс беру кезеңі 12 ақпанда өтеді.