Оралда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.