Жетісу облысындағы соттардың ғимаратына «мина қойған» адам іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

3 ақпанда Жетісу облысы соттарының электрондық мекен-жайына ғимараттарға қойылған жарылғыш заттар туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәтінде Алматы облысындағы сот ғимаратына жарылғыш заттар қойылды деп көрсетілген.

Соған қарамастан, құрамында қызметтік-іздестіру иттерімен бірге саперлер облыс аумағында орналасқан соттардың барлық ғимараттарын тексеріп шықты. Қандай да бір жарылғыш заттар табылған жоқ.

Хабарламада көрші облыс аталғанын ескере отырып, жиналған материалдар Алматы облысының Полиция департаментіне жолданды, және аталған факті бойынша ҚК 273-бабы бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» қылмыстық іс қозғалды.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.