$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Ол 2022 жылдың 3 шілдесінде 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталған

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды
Фото: Zakon.kz

Журналист әрі блогер Махамбет Әбжан ҚК-нің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды, сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралды үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша Махамбет Әбжан ҚР ҚК 274-бабының 3-бөлігі; 193-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Журналиске тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстаудың бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Адвокат Төлеген Шайық егер Махамбет Әбжан қаласа, үкімге шағымданатынын айтты.

2022 жылдың 3 шілдесінде елордалық Astana Tower бизнес орталығы алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист Махамбет Әбжан ұсталғанын мәлімдеді. Оған қатысты ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «аса ірі мөлшерде бопсалау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары