Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ең төменгі көтерме бағасы бекітілуі мүмкін
Бұл мәселе ашық Үкімет порталында 17 ақпанға дейін көпшіліктің талқысына түседі

Қазақстанда өндірілетін, әкелінетін немесе өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша бір жыл ішінде күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге ең төменгі көтерме бағаны белгілейді», - делінген құжатта.
Ең төменгі көтерме бағаны белгілеу заңды тұлғаның өтініші мен мүдделі мемлекеттік органның бағаны салыстырмалы талдау нәтижесінде бекітіледі.