Дауылды ескертуді елемей жолға шыққан 8 жүргізуші жауапқа тартылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Көлік құралдарының жүру қозғалысын шектеу қағидаларына өзгеріс енгізілген

Фото ашық дереккөзден

Дауылды ескертуді елемей жолға шыққан 8 жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауа-райы жағдайларына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Автожолдардағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда автокөлік жиналатын 3 мыңнан астам күрделі жол учаскелері анықталды. Негізінен қар үйінділерінің салдарынан Абай, Ақмола, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО-да көліктердің жиналуы байқалды. Өткен жылдағы тәжірибе көрсеткендей, қарлы құрсауға дауыл туралы ескертулерді елемейтін, жазғы дизельдік жанармайды пайдаланатын жүргізушілер түседі», - деді ол.

Күлшімбаев атап өткендей, өкілетті орган қозғалысты шектеу жөніндегі қызметті орындайтын ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілер жауапкершілікке тарту бекітілді.

«Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе шектеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жыл басынан бері әкімшілік хаттама жасалуымен 8 адам жауапкершілікке тартылды», - деді Ибрагим Күлшімбаев.