Партиялық тізімге 24 адам кірді
Бүгін, 3 ақпанда Астанада «Байтақ» партиясының кезектен тыс съезі өтті, онда Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Съезде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысу туралы шешім қабылданды. Партиялық тізімге 24 адам кірді, оның ішінде 20-ы – партиялық тізім бойынша және 4-еуі – мажоритарлық жүйе бойынша.
Партиялық тізімге VII сайланған Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова, Арман Қашқынбаев, Айнұр Сәбитова, Қайрат Айтбай, Самат Жанар, Владимир Мартель, Сейдолла Исмайылов, Бекжан Нәлібай, Нұртуған Тұржанов, Болат Нұрқожаев, Айтуар Туғанбеков, Марал Көшен, Лариса Жақсылықова, Ержан Елекеев, Мұрат Жақиев, Роман Болатбеков, Күлән Байзақова, Нұрлан Көптілеуов, Қазбек Майгелдинов, Сапар Әбдірахметов.
Мажоритарлық жүйе бойынша тізімге партия төрағасы Азаматхан Әміртай, Бақыт Исаев, Гүлзағира Әбдіраймова, Серікболат Мәженов енгізілді.