Конституциялық сотқа қай өңірдің тұрғындары жиі жүгінеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомствоға азаматтардан көптеп шағым түсіп жатыр

Фото: elements.envato.com

Өткен айда Конституциялық бақылау органына 800-ден астам өтініш тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспейтінін айтып (36%) шағымданған. Сондай-ақ зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%) мен құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағымданғандар (14%) көп болған.

Сонымен қатар азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер көп түскен.

«Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған», - делінген Конституциялық соттың баспасөз хабарламасында.