Махамбет Әбжан ісі: прокурор 11 жылға қамауды сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол кәсіпкерден 50 миллион теңге алғаннан кейін қолға түсті

Фото ашық дереккөзден

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор блогер, журналист Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Patriotnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оған бопсалады деген айып тағылған болатын.

Тыңдау жабық есік артында өтіп жатыр. Үкімді жариялау 3 ақпанда сағат 17:00-де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны 2022 жылдың 3 шілдесінде ұстады. Ол кәсіпкерден 50 миллион теңге алғаннан кейін қолға түсті. Кәсіпкер Рашид Махат журналистің әрекетін бопсалау деп атады. Әбжанға қатысты аса ірі көлемде бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.