Еліміздің солтүстігінде түнде -20-28°С күтіледі
«Қазгидромет» РМК ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақпанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстік жартысының тұрғындарын жылы және жауын-шашынды ауа-райы күтеді.
«Оңтүстік циклондардың жиі шығуы қарқынды жауын-шашынның түсуіне әкеледі, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде -2+5°С-қа дейін, күндіз +5+12°С-қа дейін жоғарылайды.
Онкүндіктің соңында қайтадан түнде -3-15°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін салқындайды. Еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, бірінші онкүндікте батыс аймақтардың тұрғындарын ауа-райының тұрақсыз сипаты, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі аралас жауын-шашын мен екпінді жел күтеді. Ауа температурасының күндізгі фоны -3+5°С шегінде болжанады.
ҚР қалған аймақтарында бірінші онкүндіктің бірінші жартысында Сібір антициклонының әсерімен аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кезеңнің екінші жартысында Сібір антициклоны әлсірейді, Жерорта теңізі аудандарынан циклон республиканың солтүстік-батысына қарай жылжиды, еліміздің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың күшеюімен қар жауы, бұрқасын, желдің күшеюі 15-25 м/с дейін болжанады», - делінген синоптиктер болжамында.
Ауа температурасы жоғарылайды:
«Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстік жартысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.
Осы жылдың ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Абай облысының қиыр оңтүстік-шығысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан көп болады деп болжануда.
Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде республика бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады: еліміздің басым бөлігінде негізінен қармен бұрқасын, ҚР оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі», - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Ауа температурасының ауытқуы күтілуде: