$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жалақы көтеру, тиісті жағдай жасау: Бельгияда дәрігерлер шеруге шықты

Брюссель көшелеріне 20 мыңға жуық адам жиналды

Жалақы көтеру, тиісті жағдай жасау: Бельгияда дәрігерлер шеруге шықты

Бельгияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері наразылық білдіріп жатыр. Олар жалақыны көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды, сондай-ақ ауруханалар мен қарттар үйлерінде қызметкерлерді көбейтуді талап етті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Билік наразылық білдірушілердің мәселелерін шешу қажет екенін мойындады, бірақ нақты жоспарын әлі ұсынған жоқ.

«Көбірек медбикелер қажет және мамандық жастар үшін тартымды болуы керек. Өйткені тұрақты отбасылық өмір құру және бір уақытта осы мамандықта жұмыс істеу өте қиын», - дейді медбике Тания Гендерес

Бельгиялық кәсіподақтар үкіметтің іс-әрекетін айыптап отыр. Коронавирустық дағдарысқа байланысты көптеген денсаулық сақтау қызметкері жүктемеге төтеп бере алмай жұмыстан шыққанына қарамастан, оларға бюджеттік қолдау шаралары қарастырылмаған. Ал бос жұмыс орындары толтырылмаған және қызметкерлер пациенттерге тиісті түрде күтім жасай алмайды.

Серіктес жаңалықтары