Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы құжатқа 27 қаңтарда қол қойылды.
Аталған комиссия құрамына:
- Алауханов Есберген Оразұлы – «Наука и жизнь Казахстана» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы (келісім бойынша);
- Бейсембаев Ғани Бектайұлы – Қазақстан Республикасының Білім министрі;
- Есқараев Азамат Несіпбайұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
- Артур Ермекұлы Ластаев - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
- Нұрбек Саясат – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
- Асхат Раздықұлы Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
- Хасанова Шахноза Кулабдулаевна - «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша);
- Ударцев Сергей Федорович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша) енді.
Сондай-ақ комиссия құрамынан:
Мәдениет және спорт экс-министрі Дәурен Абаев, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшесі Иоган Меркель, Конституциялық Соттың судьясы Қанат Мусин, Конституциялық соттың судьясы Еркін Оңғарбаев шығарылды.