Тұрғын үй қазынаның 500 млрд теңгесіне салынған
Солтүстік Қазақстандағы Мамлютка қалысының тұрғындары құрылысы 10 жыл бұрын аяқталған жылу қазандығының игілігін көре алмай отыр. Коммуналдық нысанға аудан әкімдігі, білім беру нысандары, көпбалалы отбасылар мен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған үйлер қосылуы тиіс еді. Әлеуметтік және әкімшілік нысандар автономдық пеш арқылы күн көріп отыр, ал құрылысы былтыр біткен жаңа үйден пәтәр бұйырған 30 отбасы жаңа орынға қоныстана алмай жүр. Жыры бітпеген жылу мәселесін Azattyq Ruhy тілшісі зерттеген еді.
ӘКІМДІК ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН ҮЙДІ НЕГЕ ҚАБЫЛМАДАЙ ОТЫР?
Қазынаның 500 млрд теңгесіне салынған үй былтыр жазда халық игілігіне тапсырылуы тиіс еді. Ал қазір қабырғасы қақырап, сылағы түсіп жатыр. Өйткені қыс бойы бос тұр.
«Мен былтыр құрылыста жұмыс істедім. Осы үйді сыладық. Құрылыс бітіп тұр. Тек әкімдік түрлі сылтау тауып, құрылысты қабылмадай отыр. Өйткені, бұл үйді қосатын қазандық қатып жатыр, - дейді Валенина Зотова.
Мамлютка қаласындағы орталық қазандықтың іргетасы 2013 жылы қаланды. Бастапқыда ол халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынып жатқан көпқабатты үйді жылу желісіне қосу үшін салынған. Құрылыстың бастапқы шығында мердігер ретінде бір кәсіпорын жұмыс істеді. Бірақ, ол жуапсыз болып шықты. Ал 3 жылдан кейін нысанды басқа компания тапсырды. Қазандық қабылданды. Бірақ жергілікті билік өкілдері оны іске қоспаған. Айтуларынша, 18 пәтерлік үй үшін тұтас қазандықтың жұмыс істеуі тиімсіз. Тек бұл мәселе құрылыс жоспарланған кезде емес, не себепті кейін еске түскені беймәлім.
«Аркада трейдинг» ЖШС іске кірісті. 2016 жылы «Грас» ЖК құрылысты аяқтады. Жұмсалған сома – 247 млн теңге. Екі жыл бұрын оны іске қосу үшін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тапсырысты «Лебедко» ЖК орындады. Қосымша әкімдіктің жеке қаражатынан 39 млн теңге бөлінді. Бір үйді жылыту тиімсіз болды, сондықтан 2020 жылы магистральдық жылумен жабдықтау желілерін салуға қосымша қаражат бөлінді. 2 мектепті, әкімдікті және ауыл шаруашылығы бөлімінің ғимаратын жылуға қосуды жоспарладық», - дейді Мамлют ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шыңғыс Жүнісов.
ҚАРАУСЫЗ ҚАЗАНДЫҚ ҚАТЫП ҚАЛДЫ
2016 жылы қазандық тапсырылғаннан кейін жай тұрып қалды. Шенеуніктер араға 4 жыл салып, жүйені толығымен автоматтандыруды шешкен. Бірақ жоспар тағы да жүзеге аспай қалды.
2020 жылы жылу қазандығының жұмысына кәсіпкер Евгений Лебедко тартылған. Компания қосымша жабдықтар орнатты. Нысанды 2021 жылы тапсырды. Барлық сынақтар өткізілді. Алайда, жаңа проблема туындаған - қазандықты сенімгерлік басқаруға алғысы келетіндер табылмады. Әкімдік қайта-қайта байқау жариялап, ол да нәтижесіз аяқталды. Қазандықты сенімгерлік басқаруға беретін кәсіпорын табылғанша оны қатырмай, қыс бойы пеш жағу Лебедкоға тапсырылған. Әкімдік жұмысты орындау актілеріне қол қоймай, кәсіпкерді еркінен тыс жұмыс істеуге мәжбүрлеген.
«Мен қазандықты сақтауға тырыстым. Жүйе қыста қатып қалмауы үшін, суын ағазып жіберу керек. Әкімдік өкілдері полиция шақырып, мені қуып жіберді. Өйткені, от жағылмаса қатып қалады. Мені полициямен бірге қуып жіберді. Мұның бәрі сот отырыстарымен аяқталды. Әкімшілік сотта мен прокуратураның әрекеттеріне наразылық білдіріп, жеңіп шықтым. Содан кейін бірнеше рет экономикалық сот болды. Тағы да жеңдім. Әкімдік амалсыздан ақшамды төледі. Бірақ қазіргі уақытта мәселе шешілмеді. Нысан қызмет ететін мамандарға берілмеді. Себебі ол зақымдалған. Облыстан энергетиктер келіп, бұл фактіні растады. Әкімдік қазандықты қыста сумен қалдырғандықтан ол қатып қалды. Қымбат қондырғылардың 80 пайызы бүлініп, мүлде жарамсыз күйге түсті», - дейді кәсіпкер Евгений Лебедко.
БОС ТҰРҒАН ҮЙ БҮЛІНІП ЖАТЫР
Өткен жылдың қарашасынан бері 6 рет тендер жарияланған. Желтоқсан айында жергілікті компаниямен келісімшартқа қол қойылды, алайда ештеңе өзгерген жоқ. 30 пәтерлі үй де, басқа нысандар да орталықтандырылған жылыту жүйесімен қамтылған жоқ. Екі қабатты үйдің маңында тірі жан жоқ. Әкімдік өкілдері тұрғын үйдің дер кезінде тапсырылмауының себебін жылу қазандығы емес, абаттандыру жұмыстарымен байланысты екеніне сендірмек болды. Ал бос тұрған үй бүлініп жатыр.
«2022 жылы құрылыс аяқталған жоқ, себебі жобаны түзетуге тура келді. Өйткені құрылыс материалдары қымбаттады. Қосымша шығын пайда болды. Түзету сомасы 75 миллион теңге. Үйдің маңын абаттандыру жұмыстары қалды. Пәтер қабырғаларын бояп, линолеум төсеу сынды ұсақ-түйек шаруалар бар», - дейді Шыңғыс Жүнісов.
«Жобаны түзетуге тура келді, бас жоспарды өзгерткен жоқпыз. Бірақ бұл үйдің құрылысына әсер етпеді. Наурыз айында аталған құрылыс компанияларының директорларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Біз нысанды қолданысқа енгізу үшін оларды жарты жыл бойы іздедік. Үй жылыту жүйесіне қосылған. Ол құрылыс компаниясының қарамағында. Өзгенің шығынын өз мойнымызға алып, қазандықты іске қосу – бізге тиімсіз», - дейді Мамлют ауданының әкімі Владислав Лукин.
Дегенмен әкімдік өкілдері жаңа қазандықтың бүлінгенін мойындап отыр. Оны іске қосу үшін тағы да бюджет қаражаты шығындалмақ. Ал жаңа үйдің тағы қанша уақыт бос тұратыны белгісіз.