Алматы облысында жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

30 қаңтарда Алматы - Өскемен тас жолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

«Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетті ҚР ІІМ.

Тегтер: