Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-мен ауырып жатқан 6 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 22 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 637 адам коронавирус инфекциясынан (–1 494+ және 143 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  6 адамның жағдайы ауыр,
  •  1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.