$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сарыағашта шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіленді

Күдікті қамауға алынды

Сарыағашта шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіленді
фото: almaty.tv

Сарыағашта шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына ҚР ҰҚК Шекара қызметінен есірткі тасымалдау дерегі бойынша хабарлама келіп түсті.

«Жібек жолы» өткізу пунктінде қызметтік итті пайдаланған шекаралық наряд Өзбекстан азаматын ұстаған.Тексеру кезінде оның қалтасынан шамамен 2 грамм болатын «жылдамдық» есірткі заты табылды.Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктінің сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас заты бар екі пакетті тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес пакеттің бірінде салмағы 0,2 грамнан асатын «пиролидиновалерофенон» психотроптық заты бар екендігі анықталды. Екіншісі салмағы шамамен 0,04 грамм болатын героин болып шықты.

Қазіргі уақытта осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#есірткі