Петропавлда су құбыры жарылып, жекеменшік сектор сусыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы қала әкімі Руслан Аңбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды

фото: ашық дереккөзден

Петропавлда су құбыры жарылып, жекеменшік сектор сусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін таңғы сағат 7.00  шамасында 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесіне жақын маңында Д=800 мм су құбыры зақымдалған. Соған байланысты қалада су қысымы төмендетілді. Қазір мамандар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Жөндеу жұмсытары аяқталғанға дейін Жұмысшылар ауылы, Береке ықшамауданы мен вокзал маңындағы үйлерге ауыз су беру уақытша тоқтатылды.