Сарапшы: Сайлау науқанының басты айырмашылығы – тәуелсіз депутаттардың келуі
Ол сайлаудан кейін өзекті мәселелерді шешу бойынша үлкен жұмыс басталатынын айтты
Саясаттанушы Никита Шаталов осы жылдың 19 наурызында өтетін Парламен Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл сайлау науқанының басты айырмашылығы – бір мандатты округтердің оралуы, яғни саяси жүйеге көптеген тәуелсіз депутаттардың келуі. Бұл әсіресе жергілікті белсенділер сайлауға түсетін және мәслихаттар негізінен бір мандатты адамдардан құралатын аймақтық деңгейде қатты сезілетін болады. Республикалық деңгейде бұл бірде-бір партия Конституциялық басымдыққа ие бола алмайтынын білдіреді. Бұл Үкіметтің құрылымы мен құрамын бекіту кезінде де қажет болуы мүмкін», – деді Никита Шаталов.
Оның айтуынша, парламенттік сайлауда референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес саяси жүйені қалыптастыру аяқталады.
«Осыдан кейін реформаларды ілгерілету және өзекті мәселелерді шешу бойынша үлкен жұмыс басталады», – деп қорытындылады саясаттанушы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі.
Өз кезегінде ОСК мәлихат депутаттарын сайлау күні де 19 наурызға белгіленгенін хабарлады.