Елімізде коронавируспен ауырып жатқан 3 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 68 адамнан КВИ инфекциясы анықталды

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлады Azattyq ruhy.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 743 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 108 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 3 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.