Қазақстандық боксшылар 20 медаль (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Біріншілік қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылар 20 медаль (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды.
Медальдар есебінде Өзбекстан боксышлары 21 медальмен (14 алтын, 4 күміс, 3 қола) көш бастаса, үздік үштікті Таиланд құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола) түйіндеді.