Тоқаев Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент кандидаттың Сенат Төрағалығына неліктен лайықты екенін айтты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөз сөйлеу барысында Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевтың бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарып келгенін, заң шығару жұмысын жақсы білетінін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!», - деді Қ. Тоқаев.