«Бұл – арман, бұл – міндет»: Зеленский НАТО-дан жойғыш ұшақтар беруді сұрады

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Ұзаққа созылған әрі ауыр келісімдерден соң Украина президенті үндеу жасады

© AP / Getty Images

Владимир Зеленский НАТО-дан истребительдер мен алыс қашықтықтағы зымырандар беруді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Саясаткердің сөзі Украина президенті кеңсесінің сайтында орналастырылған. Ол 25 қаңтарда Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергпен сөйлескенін айтты.

«Біз Украинаға алыс қашықтықтағы зымыран жеткізілімдерінің құлпын ашуымыз керек, артиллериядағы ынтымақтастығымызды кеңейту маңызды, Украинаға ұшақ әкелуге қол жеткізуіміз керек. Бұл – арман, бұл – міндет», - деді ол.

Бұған дейін Украина Қорғаныс министрінің кеңесшісі Юрий Сак Киев Батыстан ядролық қарудан басқа кез келген нәрсені ала алады деп мәлімдеді.

«Бізге ауыр артиллерия бергісі келмеді, кейін оларды да берді. Содан соң олар HIMARS жүйелерін де бергісі келмеген, енді олда бар. Бізге танктер бергісі келмеген еді, енді бізге танктер де беріледі», - деді шенеунік.

Сак Киевтің енді НАТО елдерінен төртінші буын саналатын батыстық озық қаруға қол жеткізуге кірісіетінін айтты. Ұзаққа созылған талас-тартыстан соң 25 қаңтарда АҚШ үкіметі жаңа әскери көмек пакеті аясында Украинаға 31 Abrams танкін жіберу туралы шешім қабылдады. Вашингтон Киевке танк бөлшектері мен жабдықтарын, сондай-ақ оларға қажетті оқ-дәрілерді де береді. Америкадан бөлек, Германия, Ұлыбритания, Финляндия да соңғы үлгідегі танктерін Ресей әскеріне қарсы соғысу үшін Украинаға беретінін кеше ғана ресми түрде мәлімдеді.

Ұзаққа созылған әрі ауыр келісімдерден соң Украина президенті үндеу жасады. 

«Бүгін – Украина үшін өте жағымды жаңалықтар күні. Танк коалициясы бар. Біздің қорғаныс үшін танктерді жеткізуді ашу туралы шешім бар. Заманға лайық жаңа танктер. Мен бүгін канцлер Шольцпен сөйлестім. Канцлер мырзаға, барлық неміс саяси және қоғам қайраткерлеріне Еуропаны қорғауды күшейтуге дайын болғаны үшін рахмет! Америка Құрама Штаттарының өте күшті қадамы – Украина «Абрамс» алады, бұл шешім үшін рахмет. Президент Байден мырзаға жеке рахмет, Конгреске, әрбір америкалық отбасына америкалық жаһандық көшбасшылықтың нақты күші үшін рахмет! Мен барлық одақтасымызға заманға сай және аса қажет танктерді бізге беруге дайын болғаны үшін алғыс айтамын. Мұның бәрі қазір әлем үшін ең маңызды фактіні дәлелдейді – бостандық тек күшейе түседі. Украина мен Еуропаны қорғау үшін, азаттықты күшейту үшін бәріміздің бірігіп жұмыс жасауымыз – қазір жұмыс істеп жатқан көшбасшылардың тарихи жетістігі.

Ендігі басты нәрсе – жылдамдық пен көлем. Біздің әскерилердің жаттығу жылдамдығы, Украинаға танктерді жеткізу жылдамдығы. Біз осындай соққылар арқылы тирания көтерілмейтіндей жағдай қалыптастыруымыз керек. Біздің майдандағы батырларымыз әлемнен көбірек әскери қолдау алады, Ресейдің агрессиясы тезірек аяқталады және соғыстан кейінгі барлық серіктесіміздің Украина үшін қауіпсіздік кепілдігі соғұрлым сенімді болады. Адамдардың өмір сүру құқығы қорғалуы керек. Солай болады да», - деді Украина президенті.