Бішкекте үш мың милиция қызметкері көшеге шықты

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Олар Шавкат Мирзиеевтің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек

Фото: akipress.org

Бішкекте үш мың милиция қызметкері көшеге шықты. Олар екі күн қатарынан күшейтілген режімде жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

AKIpress-тің жазуынша, 3 мыңнан астам милиция қызметкері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Өзбекстан президенті бүгін Қырғызстанға сапарлап келеді.

Мемлекет басшысының сапары екі күнге жоспарланған. Осы аралықта құқық қорғау органының қызметкрелері күшейтілген режімде қызмет атқарады.

Бішкек ІІБ баспасөз қызметі қонақтар мен тұрғындарды шыдамдылық танытуға шақырды.