Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарынан киік мүйіздері тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24 қаңтар полиция қызметкерлеріне Ақши ауылының тұрғындары киік мүйіздерін заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.
Тінту барысында 46 жастағы ер адамнан 4 киік мүйізі, еті мен 2 басы тәркіленді.
Ал 62 жастағы ер адамнан 6 дана киіктің мүйізі табылды.
Екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бабы «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.