«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-на 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды
ЖШС екі әкімшілік бап бойынша жазаланды

Технологиялық бұзушылықтың себептерін тергеу үшін Екібастұз ЖЭО-да екі комиссия құрылды. Біріншісі ЖЭО- дағы, екіншісі жылу желілеріндегі бұзушылықтарды зерттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Екібастұз ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтың себебі химиялық цех персоналының импульстік желісінің қатып қалуына байланысты болды. Мұнда жылу желісінің кері құбырындағы қысымның электрконтактілі манометрінің дұрыс көрсетілмеуіне орай қоректендіру сорғыларын қате қосқан», - деп хабарлады Атом және энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Ринат Кәкімжанов.
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС екі әкімшілік бап бойынша жауапқа тартылды. 300-ші бап бойынша - электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың бекітілген ережелерін бұзғаны үшін, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану, энергия тұтынудың белгіленген режимдерді бұзса, сондай-ақ 301-2-ші бапта технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзғаны үшін айпталды. Осыдан кейін ЖШС жоспардан тыс тексеруден соң ҚР ӘҚБтК 300-бабы бойынша жазаланды.
Істер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдар сомасы 1 110 750 теңгені құрады.