Сабақтар ауа райының нашарлауына байланысты тоқтатылды
Нұр-Сұлтанда бірінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген қалалық Білім басқармасы таратқан хабарламада.