Ресей тарапы бұдан сескеніп отыр
Германия үкіметі Leopard 2 танктерін Украинаға жеткізуді мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еuronews.com-ға сілтеме жасап.
Бірнеше айға созылған даудан кейін канцлер Олаф Шольц осындай шешім қабылдағанын атап өтті.
Германияның Сыртқы істер министрі Анна лена Бербок шешім қабылдауды кешіктірді деген айыптауларға жауап ретінде НАТО серіктестері арасындағы текетіреске Владимир Путиннің әсер етіп отырғанын алға тартты.
Leopard 2A6 танкілері Украинаға Бундесвердің өз қорынан жөнелтілуі керек. Орта және ұзақмерзімді келісім аясында өнеркәсіп қорларынан басқа жауынгерлік танктер де пайдалануға берілуі мүмкін.
Бірнеше күн бұрын Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Варшава Украинаға танктер қоюға дайын елдердің балама коалициясын құратынын мәлімдеген еді. Сонда егер Берлин брондалған машиналарды беруге келіспесе, онда республика Украинаға танк ротасын (14 машинаға дейін) жеткізу туралы шешім қабылдаймыз деген. Яғни, Берлиннің позициясына қарамастан өз қалауы бойынша әрекет етуге көшеміз деді.
Ал Кремльде «Leopard 2 танктерін Украинаға жеткізу Ресей мен Германия арасындағы қарым-қатынас үшін «жақсы нәтиже бермейді» деген пікір айтылды.
«Ол әрекеттер бұл қарым-қатынастың болашағы үшін сөзсіз із қалдырады»,- деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.