$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты – «ҚазАвтоЖол»

Қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты – «ҚазАвтоЖол»
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq ruhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.

Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді.

Серіктес жаңалықтары